Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанға қаржыны заңдастыру жүйесін жетілдіру керек

  • AstanaTV
  • 04 мамыр 2015
  • 1023

Риэлторлардың, ломбардтардың және төлем қабылдаушы операторлардың қызметі қадағаланбақ. Қаржы министрлігі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күрес жөнідегі заң жобасына енгізілген өзгеріске орай, қаржы мониторингі субъектілерінің тізімін кеңейтті. Бұған қоса, заң жобасында министрлік жылжымайтын мүлік алатын жеке тұлғалар үшін қаржы мониторингіне жататын сома көлемін арттырды. Құжатқа енгізілген түзетулерді мәжіліс депутаттарына қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев таныстырды. 

Ардақ Теңгебаев, ҚР Қаржы вице-министрі: 

Егер жеке тұлға жылжымайтын мүлік алатын болса, 150 млн теңгеден асатын, онда ол пороговая операция деп аталады да, оның барлығы мониторинг комитетіне берілетін болады. Қазір мөлшерін үлкейтіп жатырмыз. 200 млн теңгеге деп ұсыныс беріп жатырмыз. 150 млн теңгеден 200 млн теңгеге дейін көбейтеміз, сонда, егер 200 млн теңгеге дейін сатып алған мүлік болса жылжымайтын, онда ол пороговая операцияға жатпайды да, сондықтан фин мониторинг комитетіне берілмейтін болады.

Арнайы лицензиясыз лизингтік несие беріп жүрген тұлғалар мен бағалы металдар және асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен операция жасайтын субъектілер жұмысына да қаржылық мониторинг жүргізілмек. Заң жобасы қылмыстық жолмен келген табысты заңдастыру және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың отырысында көрсетілген ескертулерді жою мақсатында әзірленді. "Жағдай осы жылдың қараша айына дейін түзелуі керек", - дейді қаржы вице-министрі. Әйтпесе, Қазақстанға қарсы қатаң шаралар қолданылмақ. Шетелмен қаржылық операциялар жүргізетін тұлғалардың жұмысы қиындайды. "Бұл шетел инвесторларының қызығушылығына да әсер етуі мүмкін",-деді Теңгебаев.

Айгүл ӘДЕПБАЙ