Қытай басшысы Қазақстанға ресми іссапармен келеді,-деп күтіліп отыр. Ақорданың Баспасөз қызметі хабарлағандай, Си Цзиньпинь сапары 7-ші мамырға жоспарланған. Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасы төрағасымен Қазақстанның экономикасын әртараптандырудың тың бағдарламасын талқылайтынын мәлімдеген еді. Бұл Си Цзиньпиньнің аспан асты елінің тізгінін қолға алғалы бергі Қазақстанға екінші ресми сапары болмақ.
Алдоңғаров АЗАМАТ