Астанадағы Есіл ауданындағы 80-нен астам құрылыс нысанына қаланың көріктендіру ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынған. Оның жалпы сомасы 5 млн теңге шамасында. Бұл туралы табиғат қорғау полицейлері мәлімдеді.
Бүгін шаҺар әкімдігі заңсыз қоқыс орындарына рейдтік тексеру жүргізді. Талапқа сәйкес барлық қалдықтар арнайы полигонға төгілуі тиіс, - дейді табиғат қорғау қызметінің өкілдері.
Мұндай құқықбұзушылық жәйттері Алматы ауданы аумағында да кездеседі. Мамандардың сөзіне сүйенсек, жыл басынан бері 76 аумақтың ластанғаны анықталған. Ол жерлерден үш мың текше метр қоқыс шығарылды. 32 жеке тұлға мен қырықтан астам заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бір жарым миллион теңге төлеуге міндеттелді. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, мұндай шаралар Елордада алдағы уақытта да жиі өткізіліп тұрады.
Жанат Жангелбаев, жергілікті полиция қызметі, Есіл аудандық ІІБ табиғат қорғау полициясы бөлімінің бастығы:
Тазалықты сақтауды құрылыс компанияларынан бастап заңды тұлғаларға дейін талап етуіміз қажет. Сонда нәтиже шығады. Бір ғана Есіл ауданында бірінші тоқсанда 88 құрылыс мекемесіне анықталып отыр. Оларға Есіл ауданының төңірегін ластағаны үшін 4 млн 986 мың теңге айыппұл салынған.