Сирия оппозициясының келіссөздері Астанада дүйсенбіде басталады. Бұл туралы ақпарды Сыртқы істер министрлігі ресми түрде растады. Бұл келіссөздің Елордада өтетінін ведомство жетекшісі Ерлан Ыдырысов өткен апта соңында Астана экономикалық форумы барысында мәлімдеген. Ал осыдан біршама уақыт бұрын министрлік Сирия оппозициясының жекелеген мүшелерінен елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу келгенін хабарлады. Сыртқы істер министрі өзінің жауап хатында ресми Астана Сирияда бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнағанын қалайтынын жеткізген. Қазақстан бейресми форматта пікір алмасу үшін диалог алаңын ұсынуға дайын екенін де мәлімдеді.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА