Қазақстанда кәсіби полиграфологтардың мектебі құрылмақ

  • AstanaTV
  • 22 мамыр 2015

Қазақстанда кәсіби полиграфологтардың мектебі құрылмақ. Бұл туралы Астанада осы кәсіп өкілдерінің қатысуымен өткен Конгресте айтылды. Кездесу Астана экономикалық форумы аясында өтіп жатыр. Бүгінде осы сала бойынша АҚШ, Ресей және Болгария мемлекеттері өзгелерден бір қадам алда келеді. Үздік үштік қатарындағы Ресей мен Болгария мамандары өз жетістіктерімен бөлісуге келген. Олардың айтуынша, мемлекетаралық әріптестікті дамыту маңызды. Қазақстанда кәсіби полиграфологтардың, яғни «шындық детекторы» мамандарының мектебін құру ортақ ынтымақтастықтың алғы шарты болмақ. Оған Ресей және Болгария елдері өкілдерімен қол қойылған меморандум дәлел.

Александр Пеленицин, «Ұлттық детекция мектебінің» ректоры:

Біз бүгін демократиялық елдерде тұрамыз, ал форум соның айқын дәлелі. Бірақ, сіздерге тек кеңес беріп, не ұсыныс жасайтын ұйым құрып қана қоймай, одан өзге елдеріңізде полиграфтардың жұмысын бір қалыпқа келтіретін құрылым құруға тура келеді.

 Ал, Бас прокуратура өкілдері арнамызға елімізде«шындық детекторы» қызметімен қатар психологиялық қызметі құрылғанын хабарлады.Бұл қадам халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруға және кадрлық саясатты тиімді етуге септігін тигізеді дейді құзырлы орган өкілдері.

Роза Досымбекова, ҚР Бас Прокуратурасы Кадр жұмысы департаментінің басшысы:

Біз полиграфологиялық қызметпен қатар психологиялық қызметті құрдық. Менің ойымша, бұл өте маңызды және құқық қорғау органдарының кадрлық саясатының бір элементі болып табылады. Қоғамның құқық қорғаушыларға деген сенімін арттыру мәселесі өткір күйінде қалып тұрған қазіргідей кезеңде бұл ең маңызды құралдардың бірі.

Берік ХАСЕНОВ