Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандағы ең ірі ипподром жабылмақ

  • AstanaTV
  • 21 мамыр 2015
  • 1499

Қазақстандағы ең ірі ипподром сүріліп, орнына сауда ойын-сауық кешені салынуы мүмкін. Алматыдағы 85 жылдық тарихы бар ат спорты орталығының тағдырына алаңдаған, бастамашыл топ баспасөз маслихатын өткізіп осылай деп дабыл қақты. Олар Үкімет, Парламент және Президент әкімшілігіне тағы да үндеу жолдады. Атбегілердің пікірінше, ипподромды жабу - Қазақстандағы кәсіпқой ат спортының тамырына балта шабумен тең. Айтуларынша, ипподром 2000-шы жылдары жекешелендірілген. Содан бері бірнеше рет саудаға түскен. Жиналғандар, маңызды нысанды мемлекет өз қарамағына қайтарып, күрделі жөндеу өткізілсе дейді.

Ислам Байрамуков Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері, атбегі:

Біздің айтып жатқанымыз өтініш, осы біздер иппродромсыз қалмайық деп. Бағанада айтып кеттім «тұлпар-ер азамматтың қанаты» өздеріңізде білесіздер бәріміз аттың үстінде өскенбіз, ауылда. Сондықтан осы ипподром болса екен деген ниетпен өтініш ретінде келіп отырмыз.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ