Бүгін Елордада VIII Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастайды. Форумға шамамен 90 елден 3 мыңға жуық делегат келеді. Екі күнге жалғасатын шара барысында отызға жуық сессия өтеді. Олардың барлығы экономикадағы әлеуеті зор салалардың бірі - инфрақұрылымды дамыту тақырыбына арналмақ. Шараны ұйымдастыруға БҰҰ, ЕҚЫҰ, Дүниежүзілік банк сияқты халықаралық іргелі ұйымдар ат салысып отыр. Ал, форумның ертеңгі жұмысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады. Форум «Инфрақұрылым: экономиканың орнықты өсімінің драйвері» тақырыбына арналмақ.
Тоғжан ОСПАНБАЕВА