Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Қарашығанақтағы BG үлесін сатып алуға құқылы

  • AstanaTV
  • 19 мамыр 2015
  • 1200

 Қарашығанақтағы British Gas Group-тің үлесін Қазақстан сатып ала алады. Бұл туралы BG-дің 2014-жылғы қорытынды есебінде жария болды. Қазіргі таңда BG Group компаниясы Қарашығанақ жобасында 29,5 пайыз акцияға ие. Еске салайық, 8-сәуірде ағылшын-голландық мұнай газ концерні Royal Dutch Shell газ өндіретін британдық BG Group-ті 70 млрд доллараға сатып алатыны туралы келісім жасалғанын хабарлаған. Қос компания біріккен соң, BG Group басшылары 19 пайыз акцияны иеленеді. Ағылшын-голландық біріккен компанияның нарықтағы құны 300 млрд доллар. Еліміздің Энергетика министрлігі Қазақстан билігі Қарашығанақта Shell-мен серіктес болуға қарсы еместігін білдірді. Қарашығанақ -Қазақстандағы ең ірі мұнай газ кенішінің бірі. Оның қоры 1,2 млрд тонна мұнай мен 1,35 трлн текше метр газды құрайды. Айта кетейік, Қарашығанақ Петролиум Оперетинг жобасында - BG Group, Eni, Chevron, «Лукойл» және «ҚазМұнайГаз»  бірлесіп жұмыс істейді.

Мөлдір ДЮСЕКИНА