Қытайдың ішкі Монғолия автономиялық аймағы қар құрсауында қалды. Арксан қаласы ақ ұлпаға оранды. Мамырдың ортасында бұл аймаққа қалың қардың түсуі Солтүстік Арктикалық ауа фронттарымен байланысты. Бас-аяғы 2 сағаттың ішінде Арксан ақ қалаға айналғандай. Тұрғындар болса, қысқы киімдерін қайта киюге мәжбүр болды. Жолдар жабылып, коммуналдық саланың қызметкерлері де әбігерге түсті. Қар қалыңдығы 10 сантиметрге дейін жетіп отыр. Көптеген тұрғындар жеке көліктерін тастап, діттеген жерлеріне қоғамдық көлікпен баруға мәжбүр. Ал, автокөлік мінгендер жол көлік оқиғаларына тап болмау үшін баяу қозғалуда. Дегенмен, жергілікті әуежай қызметін тоқтатпаған.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА