Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысында оқушылардың өз-өзіне қол жұмсауы азаймай отыр

  • AstanaTV
  • 19 мамыр 2015
  • 1057

Тобыл өңірінде жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау фактісі азаймай отыр. Жыл басынан бері аймақта 6 оқушы өмірмен қош айтысты. Тағы 6 жеткіншектің өзіне қол салмақ болғаны анықталған. Қоғамда белең алып бара жатқан қасіретті көрініске атүсті қарауға болмайды, - дейді ұстаздар.

Мәселенің алдын алу үшін ішкі істер департаментінің өкілдері білім басқармасымен бірлесе отырып арнайы жиын өткізді. Онлайн режимде өткен ауқымды шарада өңірдегі 150 мектеп пен колледждердегі 3 мыңға жуық шәкірт пен ата-аналар қамтылды. Семинарға қатысқан психологтар тыңдаушыларға ақыл-кеңес берді. Әсіресе, балғындарды ғаламтордан барынша алшақ ұстау қажеттігін баса айтты. Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауына түрлі сайттарда осы тақырыпта жарияланған дүниелердің де түрткі болуы мүмкін деген болжам бар.

Гүлмира Лежнина, Қостанай ОІІД  ювенальды полиция бөлімшесінің басшысы:

Өз-өзіне қол жұмсаған бір жасөспірімнің жанынан ноутбук табылды. Ол суицидті дәріптейтін сайтқа кіріп, жазбалар қалдырған. Міне, осындай себептер белгілі болып отыр. Бастысы - ата-аналар балаларының іс-қимылын үнемі қадағалап, назар аударып отыруы керек.

Заңғар САНАЙ