Таразда жарылыс жасау әрекеті үшін күдіктілерге қатысты сот басталды

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2015

Таразда базар алдында жарылыс жасау әрекеті үшін айыпталғандарға қатысты іс сотқа жетті. Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот залында бес бірдей азамат айыпты ретінде жеткізілді. Оларға Қылмыстық Кодексінің 233-те 2-бабының бірнеше бабы бойынша, атап айтсақ: «террористік топ құру», «жарылыс жасау», «қоғамдық қауіпсіздікті бұзу», «халықты үрейлендіру», «мүліктік зиян келтіру» бойынша айып тағылды. Сондай-ақ, 28-ші және 242-баптарымен жасалынатын террористік актісі туралы жалған хабарлама жасау бойынша да кінәлар тағылу үстінде. Айыпталушыларды бәрі тегіс Жамбыл облысының азаматтары. Олардың төртеуі уақытша қамау изоляторында бір жылға жуық отырса, біреу үй қамағында. Еске салайық, сотталушылар былтырғы жылдың шілде айынан бастап базарда бомба бар деп, құзырлы мекемелерге жалған қоңырау шалуды жасауда жиілеткен. Ал, сол жылдың 30-тамызында Ауыл-Береке базары алдына «Ауди» көлігін тастап кеткен. Мемлекеттік нөмірсіз темір тұлпар ішінде бензин толы құтылар мен газ баллондары болған. Оқиға - Тараздағы құзырлы орган қызметкерлерін табанынан тік тұрғызған еді. Тергеу барысында нақталғандай, автокөлік ішінде 50 литр бензин мен бірнеше газ баллондары сым-темірлермен мықтап бекітіліпті. Абырой болғанда, жарылыстың алды алынып, адамдарға зияны болған жоқ.

Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ