Бір тәулікте Жерорта теңізінде екі мыңдай босқын құтқарылды. Италия әскери-теңіз күштерінің жағалаудағы қауіпсіздік қызметіне қарасты катерлері 1300 дей босқынды құтқарды. Олар Ливия жағалауларынан шамамен 60 шақырымдай жерде болған,- деп хабарлады Рейтерс. Ал осы кезде Сицилия аралындағы Катания айлағына британ әскери кемесі тоқтады. Оның бортында 617 босқын болған. БҰҰ бас хатшысының Ливия бойынша арнайы өкілі Бернардино Леонның айтуынша, Солтүстік Африка елдерінен Оңтүстік Еуропаға қарай жарты миллиондай босқын жүзіп келуге қамданып отыр. Ұйым бүгінде адамдарды заңсыз тасымалдау проблемаларын шешу бойынша арнайы қарардың жобасын қарастырып жатыр. Еуропалық одақ тарапынан мүше елдер арасында босқын қабылдау квотасын бөлу құжаты ұсынылды.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА