Русский Сайттың толық нұсқасы

Есілді тазартуға бөлінген ақша зая кетті

  • AstanaTV
  • 10 желтоқсан 2015
  • 1874

Есілге кеткен есіл ақша. Өзеннің сағасын тазартып, тереңдетуге бөлінген қазына қаражаты зая кетті. Астана қалалық Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалану басқармасы мердігер компанияға 72 миллионнан астам қаржыны атқарылмаған жұмыс үшін ұстата салған. Бұл туралы Есеп комитетіндегілер мәлім етті.

Константин Плотников, ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі:

Астана қалалық Табиғи ресурстар мен табиғатты пайданалу басқармасы "Голд сити" компаниясына толық атқарылмаған жұмыс үшін, 72,1 млн теңге төлеген. Бұл сома жобалық-сметалық құжатта көрсетілген қаражаттан артық. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ