Русский Сайттың толық нұсқасы

Келер жылы диқандарды несиелендіру жүйесі өзгермек

  • AstanaTV
  • 10 желтоқсан 2015
  • 908

Көктемгі егіс  науқаны барысында диқандарды несиелендіру жүйесі өзгереді. Қазіргі кезде ауыл шаруашылық саласын қаржыландырудың жаңа механизмі әзірленіп жатыр. Бұл жайында ауыл шаруашылық министрінің орынбасары Сапархан Омаров қостанайлық шаруалармен өткен жиында айтты. Бірақ қаржы көздері мен оның қалай жүзеге асатыны жайлы тіс жармады.

Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

Субсидияларды өзгерту, қолдану мәселелері бүгінгі күні толық шешілген. Енді осының заңды түрде  құжаттарын дайындау жұмыстары жүріп жатыр.

Вице-министрдің айтуынша, жыл сайын көктемгі егіс науқанына бюджеттен 60 млрд теңге бөлініп келген. Дегенмен бүгінде жергілікті шаруалар азық-түлік келесімшарт корпорациясы алдындағы қарызын толықтай қайтаруға жақын. Көктемде өңір диқандарына биыл 6 миллиард 500 миллион теңге көлемінде несие берген. Ол 1 мың шаруаға берілген. Бүгінде берешектің 97 пайызы өтеліпті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жақсы көрсеткіш, - дейді корпарация өкілдері. Мәселен, осыдан 2 жыл бұрын несиені қайтару 50-60 пайыз шамасында ғана болған. Биыл корпорация жеңілдіктер берген. Несие қайтаруды қарашаға дейін ұзартқан. Әрі шаруалар берешектерін 4 сыныптың астығымен, тіпті арпамен қайтарған.

Мирас Төрежанов, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ҰК» АҚ Қостанай облыстық өкілдігінің директоры:

1 қарашаға дейін мерзім берілді. Сондықтан диқандардың көбісі несиені қайтарды. Қазір 20- 25 шаруа 176 миллион теңге көлемінде қарыздар. Осы алдағы 3-4 күннің ішінде олар да несиесін өтейді деп отырмыз. 

Заңғар САНАЙ