Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір барысында кәсіпкерлерді мемлекеттік нысандарды сатып алудан тыс қалмауға тағы шақырды. "Ашық, әрі әділ өткізгелі отырған бағдарламаға отандық және шетелдік иневесторларды теңдей талаптармен шақырамыз", - деді Президент.
Ал ERG директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич "Астана" телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында сатып алу науқанына қатысатынын айтты. Қазіргі ахуалға баға берген миллиардер, мұнайды айтпағанда, металлургия мен тау-кен салаларындағы кәсіпорындардың жағдайы тіптен ауыр, дейді.
Александр Машкевич, ERG директорлар кеңесінің төрағасы:
Менің ойымша, жекешелендіруді жүргізу өте дұрыс шешім. Бізді энергетика, салмақты тау-кен активтері қызықтырады. Бұл науқанға, әрине, қатысамыз.
Белгілі кәсіпкер Александр Машкевичтің толық сұхбатын ертең 20.30-да шығатын «Біздің уақыт» апталық- сараптамалық бағдарламасынан көре аласыздар.
Айгүл ӘДЕПБАЙ