Келесі жылдан бастап педагогикалық мамандықтарды таңдаған түлектер шығармашылық емтиханды тапсыруға міндеттеледі. Бұл жөнінде бүгін Білім және Ғылым министрлігінің алқа жиналысында ведомствоның жауапты хатшысы Әмірхан Рахымжанов мәлімдеді.
Бұл - болашақ ұстаздың мәртебесін асыру үшін жасалған қадамдардың бірі. Ол үшін арнайы "Педагогикалық әдеп" қағидаларын да бекіткен. Осылайша оқушылар мен ата-аналарды мұғалімнің қадір-қасиеті мен намысын құрметтеуге міндеттемек. Тағы бір жаңалық, бірыңғай оқушы киім үлгісін енді тек министрлік бекітетін болады.
Әмірхан Рахымжанов, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы:
Оқушыларды тәртіпке салып, назарын сәнді киімге аудармау үшін, министрлік өз құзіретіне біріңғай киім үлгісін бекітуді алып отыр. Ата-аналар енгізілетін нормаларды қатаң түрде сақтануға міндетті болады.
Білім және Ғылым министрлігі жақын арада тегін техникалық мамандықтардың тізімін бекітеді. Еске салайық, президент халыққа жолдауында 2017 жылдан бастап жастарға тегін кәсіби-техникалық білім берілетінін айтқан болатын.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА