Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Астанада Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған қайырымдылық акциясы өтті. Шараны Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ұйымдастырған.
Тұңғыш рет өткізілген акция аясында ардагерлер жұқпалы сынамаларға қарсы тегін тексерістен өтуге мүмкіндік алды. «Бұдан былай қайырымдылық мақсаттағы мұндай шараларды жиі өткізу жоспарда бар», - дейді ұйымдастырушылар. Қариялар да қосымша медициналық тексерістің артықтығы жоқ десті.
Владимир Дихтярук, Ұлы Отан соғысының ардагері:
Мұндай шара бірінші рет ұйымдастырылып жатыр. Жыл сайын кешенді медициналық тексерулер өтіп тұрады, дегенмен қосымша дәрігерлерге қаралуға да қарсы емеспіз.
Бақытжан Ахметов, Астана қаласы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» бөлім меңгерушісі:
Бұл акцияда негізінен Ұлы Отан соғысы ардагерлері және тыл еңбеккерлерінің бактериялық және паразиттік инфекцияларға тексеру - негізгі мақсаты. Мұндай іс-шаралар бұған дейін біздің мекемеде өткізілген және алдағы уакытта мұндай іс-шараларды өткізу жоспарда бар.