Русский Сайттың толық нұсқасы

«Эйр Астана» компаниясы ішкі рейстерге бағаны көтермек

  • AstanaTV
  • 15 желтоқсан 2015
  • 1338

«Эйр Астана» компаниясы 2016 жылдан бастап ішкі рейстер үшін билет құнын көтермек. "Қазіргі баға шығындардың орнын жаппай отыр. Сондықтан баға саясатын өзгертуге туралы келеді", - дейді авиакомпания өкілдері.

Өзгеріс әсіресе жоғарғы сұранысқа ие бағыттарға қатысты болмақ. Сондай-ақ билет бағасы белгілі бір бағытқа ұшу уақыты жақындағанда ғана көтеріледі. Ұлттық әуе операторы әлеуметтік аз қамтылған азаматтар үшін тарифтің өзгермейтінін ескертеді. Ардагерлер, өзге де түрлі жеңілдікке ие жолаушылар үшін билет бағасы бүгінгі қалпын сақтайды. Ішкі рейстерде билет құны қай күннен бастап өсетіні туралы нақты ақпар жоқ. "Эйр Астана" жақында 11 жаңа әуе кемесін сатып алмақ. Ал келесі жылы Алматы-Тегеран, Астана-Ұлан Батыр жаңа ұшу бағыттары іске қосылады.

Тілек Әбдірахимов, «Air Astana» компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері:

Ішкі рейстерге сатылатын билет құны компанияның осы салаға бағытталған шығынын өтемей отыр.Теңгенің құнсыздануы да кері әсерін тигізді. Сондықтан келесі жылдан бастап баға өсімін қолға аламыз. Қанша пайыз көтерілетіні туралы нақты ақпарат жоқ. Авиаотын бағасының біршама төмендеуіне байланысты зейнеткерлер, студенттер мен соғыс ардагерлері үшін баға өзгермейді.