Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басшысы парамен ұсталды

  • AstanaTV
  • 15 желтоқсан 2015
  • 1464

«Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басшысы 1 млн 200 мың теңге пара алып, қолға түсті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросы баспасөз қызметінің ақпарына сәйкес, Манарбек Сапарғалиев қоластындағы мекеме директорын «жұмыстан босатамын» деп қорқытып, ақша талап етіп отырған. Қаржы берген жағдайда «қамқорлыққа алуға» уәде берген.

«Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қазір қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мансұр ЕСХОЖИН