«ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниялары бәсекелі ортаға берілмек. Бұл туралы ұлттық басқарушы холдингтің басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов айтты. Тізімде «ҚазАгроҚаржы», «Азық-түлік корпорациясы», «ҚазАгроӨнім» және «Қазагромаркетинг» бар.
Бәсекелі ортаға өткен соң «ҚазАгроҚаржы» көпбейінді қаржы институтынан лизингтік компанияға айналатын болады. Яғни Ұлттық қор қаражатын пайдаланатын инвестициялық қоржыннан босатылады және бизнес-процестер құрады. Сонымен қатар, келер жылдан бастап «Азық-түлік корпорациясы» мемлекеттік астық ресурстарын басқару агенті ретіндегі қызметін тоқтатады. Ұжым астық нарығындағы трейдерлердің бірі болып қалады. «Қазагромаркетинг» және «ҚазАгроӨнім» компанияларының мемлекеттің ақпараттық-кеңес беру қызметіне және мал шаруашылығы өнімдерін сату нарығына қатысуы қысқарады, - деді Нұрлыбек Малелов.
Нұрлыбек Малелов, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы:
Бұл компанияларды жеке қолға беру ақпараттық-кеңестік қызметте мемлекеттің үлесін азайтуға мүмкіндік береді. Өнімді сату нарығында да аталмыш процесс сыртқы тәсілдерді қажет етеді. Компанияларды бағалау мақсатына біз кәсіпқой кеңесшілерді тартатын боламыз.
Берік ХАСЕНОВ