Геннадий Головкин мен Сауль Альварес 2016 жылдың қыркүйек айында қолғап түйістіреді. Бүкіләлемдік бокс кеңесі екі спортшының жекпе-жегіне қатысты шешімін жария етті. Ұйымның шешімі бойынша тараптар 31-ші мамырға дейін келісіп алуы керек. Ал оған дейін спортшылардың еркін жекпе-жек өткізулеріне мүмкіндік берілді.
Еске салайық, 25 жастағы Альварес бүкіләлемдік бокс кеңесінің чемпиондық атағын пуэрторикалық Мигель Коттодан тартып алды. Ал Головкин - осы белбеуден негізгі үміткер. Егер Мексика спортшысы алдағы уақытта қазақстандық чемпионмен жекпе-жек өткізуден бас тарса, онда алтын белбеу Геннадий Головкинге табысталады.
Самат ҚАНАҒАТОВ