Қазақстанда мереке күндері қар жауып, бұрқасын болады. Қазгидрометтің хабарлауынша, Поволжье өңірінен жеткен циклон еліміздің солтүстік шығысынан келеді.
Салдарынан елдің шығыс аймақтарында және өзге де өңірлерде 16-17 желтоқсанда қар жауып, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-25 метрге дейін жетеді. Ал ауа температурасы жылы, 0 градус шамасында болады, деп болжайды синоптиктер. Қостанай облысында дауылды ескерту жарияланған. Қатты боран соғады деп күтілуде. Мамандар тұрғындарды жолда абай болуға шақырады.
Айгүл ӘДЕПБАЙ