Русский Сайттың толық нұсқасы

«Кәсiпкерлiктi жаһандық бақылау» жобасы дерегінше, Қазақстандағы кәсіпкерлік белсенділік 13,7 пайызды құрады

  • AstanaTV
  • 18 желтоқсан 2015
  • 1263

Қазақстандағы кәсіпкерлік белсенділік 13,7 пайызды құрады. «Кәсiпкерлiктi жаһандық бақылау» жобасы аясында жүргізілген сауалнама нәтижесі осындай. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жоба үйлестірушісі мәлімдеді.

Іскерлердiң 3-тен 1 бөлiгi жалақыға балама ретiнде немесе жұмыс таппағандықтан бизнеспен айналысқан көрінеді. Ал ер адамдар өз қалауымен емес, күнкөріс үшін, кәсіпкерлікке бет бұрғанын мәлiмдеген. Жоба аясында 18-34 жас аралығындағы еңбекке жарамды азаматтар мен сарапшылар арасында сауалнама жүргiзілді. 

Ләйла Ерғожа, «Кәсiпкерлiктi жаһандық бақылау» жобасының үйлестiрушiсi:

Қазақстандағы еңбекке жарамды азаматтардың 15%-ы алдағы үш жылда өз iсiн ашуды жоспарлаған. Сонымен қатар, АҚШ, Канада, Австралия, Сингапур секiлдi елдермен салыстырғанда, қазақстандықтар өз iсiн бастау жөнiнде жиi ойланады екен. Сауалнама қорытындысына сай, 18-34 жас аралығындағы жастардың тек 5%-ы ғана жаңа өнiм шығаруға ниеттi екенін аңғардық.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ