Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда бұзақылар Жеңіске арналған ескерткішті бүлдірді

  • AstanaTV
  • 18 желтоқсан 2015
  • 1458

Ақтауда Отан соғысында ел қорғаған батырлардың ескерткішін бұзақылар бүлдіріп жатыр. Оның ашылғанына бір апта да болған жоқ. Бұл жағдай әлеуметтік желілерде тұрғындардың ашуын туғызды.

Алғашында қала халқы, сапасыз материалдан жасалғандықтан, үгітіліп жатыр деп, әкімдіктегілерге реніш білдірген. Қазынаның 62 миллион теңгесі жұмсалған ескерткіште маңғыстаулық 9 батырдың қола мүсіні қашалған. Құрылыс материалы мықты әрі кез-келген температураға төзімді боп шықты. "Сондықтан жел мен жауын-шашыннан бұзылуы мүмкін емес",- дейді сәулетшілер.

Марат Тілеубаев, Ақтау қаласының бас сәулетшісі:

Ескерткішті шегемен немесе бұрағышпен әдейі оймаса, бүлінбейді. Біз құзырлы органдарға арнайы хат жібердік. Ол аумақта бірнеше бақылау бейнекамерасы орнатылған. Бұзақыларды ұстау қиынға соқпайды деп есептеймін.