Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысының кішкентай тұрғыны Бекболат Бегімбеттің шаш үлгісі ерекше

  • AstanaTV
  • 18 желтоқсан 2015
  • 3730

Алматы облысы Райымбек ауылының тумасы 3 жасар Бекболат Бегімбеттің шаш үлгісі ерекше. «Айдарлы бала - айбарлы бала» деген қағиданы ұстанған отбасы немересін қырқынан шығарысымен төбесіне айдар, маңдайына кекіл, желкесіне тұлым қалдырған.  Айдар мен тұлым  жас өскінді тіл мен көзден сақтаса, кекіл сүйкіміне сүйкім қосады. 

Төлеу Камал, Алматы облысының тұрғыны:

Негізгі ырым сол - анау баланы тіл-көзден сақтау, сұқ тимеу үшін қойылады. Біз сол үшін қойдық. Айдар дегеніміз - қазағымыздың жақсы батыры болсын, хан болсын деген ырыммен қойдық.

ХІХ ғасырың соңы мен мен ХХ ғасырдың басында саяхатшылар түсірген фотосуреттер халқымызда шаш қою сәні болғанын дәлелдейді. Қыздардың шаш үлгілерінің арасында батыстан келген сәнді үлгілерден айнымайтындары бар. Демек, біздің ұмытқанымыз болмаса, сәнді шашты бабаларымыз да қойған.

Тәттігүл Қартаева, тарих ғылымдарының кандидаты, этнограф:

Қыз баланың шашы - қазақ қызының символы, деп айтуға болады. Қазақтар қыз баланың шашына көп көңіл бөлген. Шаш қойғандары қыз баланың тәрбиесіне әсер етіп, өзі өскен сайын шашына қатты мән беретін болған. 

Халқымыздың шаш қою мәдениеті туралы арнайы материалды ертең 20.30 «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан көріңіздер.