Русский Сайттың толық нұсқасы

Діни ағым жетегінде болған 802 азамат райынан қайтты

  • AstanaTV
  • 21 желтоқсан 2015
  • 1009

Жыл ішінде жат діни ағымдардың жетегінде болған 802 азамат радикалды ұстанымдарынан бас тартып, қателіктерін мойындапты. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан Маямеров мәлімдеді.

Қазір арнайы ақпараттық-насихат топтары мешіттердегі жамағатпен қатар, түзету мекемелерінде экстремизм мен терроризм үшін сотталғандармен кездесулер өткізіп жатыр. Белгілі болған 802 адамның қатарында да түрмеде отырғандары бар.

Ержан Қажы Малғажыұлы, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти:

Оның тізімі және 802 баланың ұялы телефонына дейін бізде бар. Нақты қайтты деп айта аламыз. Бұл да болса имамдарымыздың өңірдегі істеп жатқан үлкен еңбегі деп, айта аламын.

Жат діни ағым идеологияларының елде таралмауы үшін, Мүфтият азаматтардың сырттан діни білім алуын да шектеді. Қазір қазақстандықтарға тек Діни басқармамен келісімі бар Мысыр, Түркия, Малайзия, Өзбекстан және Ресейдің Қазан қаласының белгілі оқу орындарында білім алуға рұқсат бар. Ал оларға алдымен діни сауатты міндетті түрде елден алу талабы қойылмақ.

Серікбай Қажы Ораз, ҚМДБ наиб мүфтиі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы:

Біздің азаматтарымызды 11 сыныпты бітіре салысымен бірден шетелдегі оқу орнына жіберуді тоқтаттық деп айтуға болады. Міндетті түрде өзіміздің отандық оқу орындарында, медреселерден сатылы түрде университеттерден тәлім алғаннан соң, басқа шетелдегі оқу орындарына біз жолдама беретін боламыз.