Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ақтөбе» футбол клубының бірқатар ойыншыларының нәпақасы мәлім болды

  • AstanaTV
  • 21 желтоқсан 2015
  • 1181

57-67 мың еуро жалақы. «Ақтөбе» футбол клубының бірқатар ойыншыларының ай сайынғы жалақысы көпке мәлім болды. Облыстық футбол қауымдастығының кезекті отырысында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев шетелдік ойыншыларға төленетін бұл қаражаттың тым жоғары екенін айтты.

Оның сөзіне қарағанда, Армения ұлттық құрамасының ойыншысы Маркос Пизелли ай сайын 75 мың АҚШ валютасы көлемінде жалақы алған. Ал «Ақтөбенің» қорғаушысы Андерсон Сантана болса, 61 мың америкалық көк қағаз алып келген. Жалақысын еуромен есептесетін Данило Сирино - 57 мың. Тағы бір Данило Неккоға ай сайын 67 мың еуро жалақы төленген. Өңір басшысы, толықтай жергілікті бюджеттің есебінен қаржыландырылатын мекеменің шығындары шектен шыққандығын, есесіне жетістіктер де мардымсыз екендігін, атап өтті. 

Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі:

Оларға мұндай үлкен жалақы не үшін төленеді? Мына Данило 2-ақ гол соққан. Екіншісі болса, 6 гол соққан. Тағы біреуі - 5 гол. Мұндай жалақымен олар кем дегенде әрбір екінші ойында гол соғып тұруы керек. Менің ойымша, 67 мың еуро Қазақстандағы ең үлкен жалақылардың бірі. 

Мансұр ЕСХОЖИН