Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейден тасымалданатын мұнай көлемі 7 есеге азайған

  • AstanaTV
  • 28 желтоқсан 2015
  • 965

Елімізге Ресейден тасымалданатын шикі мұнай мен сығымдалған газ көлемі 57 мың тоннаны құрады. Осылайша, 10 айдағы мұнай импорты 7 есеге кеміді. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның сайты хабар таратуда. Ал баға тұрғысында бұл өнімдердің тасымалдануы 12,5 есеге азайғаны байқалады.

Десе де Беларусь елінен әкелінген қара алтын көлемі 14 пайызға өскен. Яғни 1,2 мың тоннаға артық. Қазақстан да көрші елдерге қара алтын экспорттауды азайтқан. Былтырғы көрсеткішпен салыстырсақ, мұнайдың сыртқы тасымалы 31 пайызға кеміді.