Русский Сайттың толық нұсқасы

Боранның кесірінен оралдықтар жарықсыз қалды

  • AstanaTV
  • 28 желтоқсан 2015
  • 1216

Оралда секундына 25 метр жылдамдықпен қатты жел тұрып, 20-дан астам электр желісі істен шықты. Төтенше жағдайдың салдарынан бірқатар ықшам аудандар мен шаһар іргесіндегі елді мекендер жарықсыз қалды.

Қазір жарыққа жауапты мамандар жедел әрекетке кіріскен. Нақты қанша абоненттің қараңғыда қалғанын энергетиктердің өздері де тап басып айта алар емес. Дегенмен, аурухана, мектеп, балабақша секілді әлеуметтік мекемелерде жарық бар деп отыр. Өйткені аталған нысандар апаттық жағдай бола қалса, автоматты түрде қосалқы желіге қосылатынын айтады. Желілерді жөндеуге кіріскен 11 бригада, «бүгін-ертең қараңғыда отырған тұрғындарға жарық береміз», деді.

Сергей Доля, «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ қалалық филиалының басшысы:

Қазір 22 жерде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ең қиыны - сымның қай жерден үзілгенін анықтау үшін, желіні түгел тексеріп шығу керек. Кешегі боранда қосалқы стансалар істен шықты. Өйткені бұл қондырғылар жеке меншікте, ал иелері уақытылы қарап, жөндеу жүргізбейді. Осының кесірінен жарық өшеді.

Еркін КАРИН