Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда газбен жүретін көліктерді арнайы рәсімдемеген жүргізушілерге айыппұл салынуда

  • AstanaTV
  • 29 желтоқсан 2015
  • 968

Оралда газбен жүретін көліктерін рәсімдемеген жүргізушілерге айыппұл салынуда. Аймақта газ қондырғысын орнатқан 3 жарым мыңдай көлік  тіркелгенімен, іс жүзінде олардың саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін, - дейді жол сақшылары.

Газ құю бекеттерін тексерген полицейлер екі күнде құжаты дұрыс емес 63 жүргізушіге жаза тағайындаған. Енді олар 15 АЕК немесе 30 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. Аймақта сұйытылған газ күрт азайып кеткесін полицейлер осындай қадамға барған. Ал облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналды шаруашылығы басқармасы өкілдері газ жетіспеуін, бензиннің қымбаттығымен байланыстырады. Газ құны үш еседей арзан. Сондай-ақ, Орал арқылы басқа облыстарға сапар шегетін жүк көліктері де отын тапшылығын тудырып отыр. Дегенмен, ІІД мамандарының дерегінше, көліктеріне газ қондырғысын орнатқан жүргізушілер құжаттарын тіркетуге асығар емес.

Бауыржан Талдықбаев, БҚО энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:

Өңірдегі газбен жүретін көліктердің 80 пайызы Ішкі істер департаментінде тіркелмеген. Осының кесірінен Энергетика министрлігі квота бөлу туралы өтінішімізді қанағаттандырмай отыр. Ал бізге бөлінген 2 мың тонна газ қажеттіліктен 4 есеге аз.

Еркін КАРИН