Сауд Арабиясы мұнай бағасын барреліне 29 АҚШ валютасы мөлшеріне сәйкестендіріп, 2016 жылғы бюджетін түзді. Бұл туралы Рейтерс хабарлайды. Осылайша, алдағы жылы елдегі бюджет тапшылығы шамамен 87 миллиард АҚШ валютасы көлемінде болады деп жоспарлануда. Сәйкесінше, қазына қаражатының кірісі шамамен 137 миллиард көк қағазға кемиді. Бұл биылғы жылмен салыстырғанда, 25 миллиард АҚШ валютасына төмен.
Еске салайық, Ресей үкіметі жақында мұнай нарығындағы бағаның тұрақсыздығына Эр-Риядты кінәлаған. Олардың пікірінше, тәулігіне 1,5 миллион баррель мұнай өндіру нарыққа шамадан тыс шикізат шығаруға әкеп соқтырды. Қазір Brent маркалы мұнайдың әрбір баррелінің құны 36 АҚШ валютасы бағамымен саудалануда.