Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешевке жаңа айыптар тағылды

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2016
  • 1449

Қаңтар айында қамалған шымкенттік ірі кәсіпкер Тоқтар Төлешевке жаңа айыптар тағылды. Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Бас прокуратура оның өзге де бірқатар қылмыстарға қатысы бар екендігі анықталды деген тың мәлімдеме таратты. 

Руслан Карасев, ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің өкілі:

Билікті күшпен басып алуға дайындық жұмыстарын жүргізгені, өткен жылдары белсенді нақты әрекеттер қолданғаны туралы нақты мәліметтер алынды. Елдегі жағдайды тұрақсыздандыру, наразылық акцияларын, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру, балама үкіметті қалыптастыруды жоспарлау және әрекет етуші билік құрылымын өзгерту қарастырылған.

Ведомство өкілінің хабарлауынша, Төлешевке «жер дауына» қатысты ереуілдер ұйымдыстыруға әрекеттеніп, осы істі қаржыландырды деген айып тағылған. Түрлі наразылық акцияларын ол Астана, Атырау, Алматы, Орал, Қызылорда қалаларында былтырғы желтоқсанда өткізуді жоспарлаған. Алайда, тұтқындалуына байланысты кешеуілдепті. Экс-бизнесмен изоляторда отырып-ақ, мамыр айында Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауылында жаппай тәртіпсіздік шараларын ұйымдастыруға әрекеттенген. Бұған тәркіленген қару-жарақ, оқ-дәрілер дәлел. Осы қылмысқа араласты деген күдікпен бірнеше лауазым иелері қамауға алынды.

Руслан Карасев, ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің өкілі:

ҚР Бас прокурорының бұрынғы орынбасары, ҚР Конституциялық кеңесінің бұрынғы мүшесі Бақтыбаев Ілияс, Оңтүстің Қазақстан облысы ІІД бұрынғы бастығы, генерал майор Досқалиев Ғибратолла, полиция полковнигі Айтбеков Сәкен, Қорғаныс министрлігі оңтүстік аймақтық басшылығының 35748 және 55652 әскери бөлімдерінің командирлері. 

Айжан ҚУАШ