Русский Сайттың толық нұсқасы

Б.Әбдішев бостандыққа шықты

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2016
  • 1619

Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішев бостандыққа шықты. Экс-шенеунікті мерзімінен бұрын босату туралы сот шешімі бүгін заңды күшіне енді. Бұл туралы "Астана" телеарнасына Әбдішев қамауда болған түзету мекемесінің өкілі мәлімдеді.

Гүлбану Ермекова, Қарағанды облыстық ҚАЖД 159/1 мекемесі тәрбие бөлімінің бастығы:

Әбдішев Бауыржан Түйтейұлы бүгін мерзімінен бұрын босатылды. Ешбір кідірту болған жоқ. Аумақтық соттың өкіміне сәйкес қаулы бүгін 6 маусымда заңды күшіне енді.

Бауыржан Әбдішев бір жарым жыл қамауда отырды. Осы уақыт аралығында экс-шенеунік жақсы қырынан танылған. Сот оның отбасылық жағдайын да ескерді. Айыпталушының кәрі анасы мен екі кішкентай ұлы бар. Балаларының бірі - мүгедек. Әйелі үй шаруасында. Әбдішев «Қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды» және «кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласты» деген айыптармен 5 жылға сотталған. Іс қайта қаралып, жазасын өтеу мерзімі 3 жылға қысқарды. Ал кейіннен Қазыбек би аудандық соты шенеунікті мерзімінен бұрын босату туралы шешім шығарды.

Айжан ҚУАШ