Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Ресейден Су-30СМ ұшағын сатып алуды жалғастырады

  • AstanaTV
  • 30 желтоқсан 2015
  • 1403

Биыл Қазақстан Қарулы күштерінің әуе базасы Ресейден төрт Су-30СМ жойғыш ұшағын алған. 2016 жылы тағы екеуін сатып алу туралы келісімшарт жасалып қойыпты.

Су-30СМ - әлемдегі үздік әуе техникаларының бірі саналатын Су-27-нің жетілдірілген түрі. Ұшақ базадан алыс болса да, кез келген әскери тапсырмаларды орындай алады. Ауа райына да, уақытқа да қарамастан, атқаруға қауқарлы. Ұшақ қарудың сан түрімен және борттық радиоэлектрлік қондырғылар кешенімен жабдықталған. Айта кетерлігі, осындай ұшақтар тек Қазақстан мен Ресей Қарулы күштерінің қатарында бар екен. Қазіргі таңда Ресей Сириядағы әуе шабуылдарына дәл осы Су-30СМ ұшақтарын қолдануда. 

Нұрлан Орманбетов, ҚР Әуе қорғаныс күштерінің Бас қолбасшысы, генерал-майор:

Қазақстан жаңа техникаларды сатып алу арқылы әуе күштерін нығайтуда. Осы мақсатта биыл Ресейден Су-30СМ қырғи ұшақтарын алды. Сонымен қатар, жойғыш ұшақтардан бөлек Ми-171Ш тікұшақтарын алдық. Еліміздің әуе күштерінің базасын жаңарту Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының аясында жүзеге асуда. Бұл жұмыс келесі жылдары да жалғасын табады.

Берік ХАСЕНОВ