Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлыбританияда лаңкестік әрекет ұйымдастырмақ болған ерлі-зайыптылар сотталды

  • AstanaTV
  • 30 желтоқсан 2015
  • 1645

Лондонда лаңкестік шабуыл ұйымдастырмақ болған ерлі-зайыптыларға қатысты сот процесі басталды. Қаскөйлер Ұлыбритания астанасында жарылыс жасауды көздеген. ВВС-дің хабарлауынша, 25 жастағы Мохаммед Рехман әлеуметтік желілерде Лондон метросы мен Westfield сауда үйіне шабуыл жасау жолдарын талқылапты. Ал өзі үйінде қолдан жарылғыш заттар жасаған. Қылмыстық әрекетке Рехманның әйелі Сана қаржылай қолдау көрсеткен. Прокурорлар лаңкестік әрекет дер кезінде тоқтатылды деп отыр.

Еске салайық, 2005 жылы шілдеде Лондонның орталығында 4 шахид өзін өзі жарып жіберген. Салдарынан 52 адам қаза болып, жүздеген адам жараланды.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ