Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Қазақстанның инвестициялар бойынша омбудсмені болып тағайындалды. Тиісті қаулыға премьер-министр Кәрім Мәсімов қол қойған. Ақпарат үкіметтің ресми сайтында жарияланды. Онда Кәсіпкерлік кодекстің 314-ші бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әсет Өрентайұлы Исекешев инвестициялық омбудсмен болып тағайындалсын, делінген. Қаулы бірінші қаңтардан күшіне енеді.
Айта кетейік, инвестициялық омбудсмен - инвесторлардың заңдық құқықтары мен мүдделерін қорғайтын, сондай-ақ олардың дауын сотқа жеткізбей шешуге жауапты лауазым иесі.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ