Ресейлік «Росатом» компаниясы Қазақстанда бірінші атом электр станциясын салуға қатысты үкіметаралық келісімнің мақұлдануын күтуде.
Аталған келісімнің қаралуы 2016 жылға жоспарланған. Бұл жайында бүгін Астанада «Росатом - халықаралық желі» компаниясының президенті Александр Мертен мәлімдеді. Жобаға қанша қаражат жұмсалатыны жайында нақты ақпарат әзірге жоқ,- дейді ол. Алайда, Қазақстанда салынатын АЭС «3+» санатына сай болады деп сендірді.
Александр Мертен, «Росатом - халықаралық желі» компаниясының президенті:
Бір анығы, атом электр станциясы МАГАТЭ талаптарына сай «3+» буынды болмақ. 2016 жылы үкіметаралық келісім мақұлданса ғана, нақты сандарды айта аламыз.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА