Иран 2009 жылдан бері ядролық қаруды құрастырумен айналыспаған - МАГАТЭ

  • AstanaTV
  • 03 желтоқсан 2015

Иран 2009 жылдан бері ядролық қару жасауға бірде бір рет әрекеттенбеген. Бұл туралы МАГАТЭ-нің баяндамасына сілтеме жасап, Рейтерс хабарлайды. Десе де, Тегеран жойқын қаруды жасау бағытында жұмыстар жүргізді. Ол жұмыстардың 2003 жылға дейін және тек ғылыми зерттеулер шеңберінде болғаны анықталған.

Еске салсақ, Иран мен алтылық елдері шілдеде Тегеранның ядролық бағдарламасы жайында келісімге келген. Иран елі уранды байытуды бес жыл бойы 4 пайыздан асырмауға уәде берген еді. Осыдан кейін Иранға қарсы бірнеше санкциялар алынып тасталды. Тегеранның экономикасы бірнеше жылдан кейін әлемдік нарыққа қайта шыға бастады.

Берік ХАСЕНОВ