Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында көлік апатынан 10 адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 07 желтоқсан 2015
  • 1227

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды. «Мерседес» пен «Тойота Виндом» автокөліктері соқтығысып, оқиға орнында 10 адам тіл тартпай кетті. Алдын ала болжам бойынша, «Мерседес» көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы Жамбыл ауданының аумағындағы «Алматы-Ақтерек-Алға» тас жолының бойында болған. Облыстық ішкі істер департаментінің мәліметінше, ажал құшқан адамдардың барлығының жеке бастары анықталған. Олар - 20 мен 28 арасындағы жастар, - дейді полиция өкілдері.

Жанар Төлегенқызы, Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің бас маманы:

Қазіргі кезде жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 345 бабы, 4-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, Алматы облысы ІІД анықтау бөлімінің өндірісінде. Қазіргі таңда сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ