Мұнай құны 2% құлдырады. Бұған Bloomberg агенттігінің таратқан жалған ақпараты себеп болған. Агенттік қара алтын өндірісі артты деп жазды. Осылайша таңғы фьючерс бағамдарына сай Brent марклі мұнайдың құны барреліне 42 долларға дейін түссе, WTI-дың баррелі 39,58 долларға саудаланды. Мақалада көрсетілгендей, бұл ОПЕК шешімі.
Ал шынтуайтында, ОПЕК-ке мүше елдер 4 желтоқсан күні Венада өткен саммит жұмысы барысында мұнай квоталарын сол қалпында ұстау ұйғарымына келген. Бұл жөнінде ОПЕК-тің бас хатшысы Али аль-Бадриге сілтеме жасап, Рейтерс хабарлайды. Аль-Бадри, қара алтын өндірісіне қатысты нақты жағдай әзірше бұлыңғыр, дейді. Өйткені мұнай нарығына Иран шығып отыр. Тегеран шектеулер алынған соң, күніне 0,5-1 млн баррелль мұнай өндіруге бекініп отыр.
Бүгінгі таңда мұнай экспорттаушы елдер ұйымына мүше мемлекеттер 4 жыл бойы күніне 30 млн баррель мұнай өндіріп келеді. Айта өтейік, ОПЕК-тің келесі жиыны 2016 жылдың 2 шілдесінде өтеді деп жоспарланды.
Абдулла аль-Бадри, ОПЕК бас хатшысы:
Бізде Иран бар. Ел нарыққа қашан шығатынын білмейміз. Сәйкесінше нақты сандарды бере алмаймыз. Сондықтан квота бойынша шешім шығармай, бұл мәселені келесі кездесуге қалдыруды жөн көрдік.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА