Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15 пайыз деңгейіне төмендетті

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2016
  • 1501

Ұлттық банк базалық пайыздық мөлшерлемені 15 пайыздық деңгейде ұстап тұруға шешім қабылдады. Бұл елдегі ақша-кредит саясатын тиімді реттеп отыруға мүмкіндік береді. Бір ай бұрын Ұлттық Банк төрағасы оның деңгейін 17 пайыздан 15-ке түсіруге болатынын айтқан. Енді бас қаржы реттеуіш плюс, минус 1 пайыз болатын дәлізбен базалық мөлшерлемені 15 пайыз деңгейіне түсіріп отыр. Бұл туралы Данияр Ақышев мәлімдеді. Болашақта баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге жол ашады деген сенім бар, - дейді бас банкир. Оның айтуынша, мамырда инфляциялық болжамдардың іс жүзінде өзгермегені байқалған. Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім  11 шілдеде жарияланады.

Данияр Ақышев, Ұлттық банк төрағасы:

Тәуекелдердің төмендеуін, инфляция мен қаржылық тұрақтылықты ескере отырып, базалық мөлшерлеме төмендеуі мүмкін. Оның жылдамдығы экономиканың сыртқы күйзелістерге қайтарған жауабына және жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатынан түскен кері байланысқа тәуелді болады. Негізгі назар бір жылға және одан артық мерзімге болжанатын инфляцияға, валюталық тәуекелдерді хеджирлеу құнына, банк салымшыларының валюталық артықшылық берулеріне аударылды.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ