Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресей санкциялары Түркия экономикасын шығынға батырып жатыр

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2015
  • 1338

Түркия Ресей санкцияларының салдарынан 9 миллиард доллар шығынға батуы мүмкін. Бұл туралы Түркияның вице-премьері Мехмет Шимшек түрік арналарына берген сұхбатында мәлімдеген. Қазірдің өзінде санкциялардың салдарынан Түркия жалпы ішкі өнімі 0,5 пайызға, яғни 4,2 миллиард долларға шығынға батқан.

Сонымен қатар, 2016 жылы Түркия еліне бірде бір ресейлік турист келмесе, онда елдің туристік саласы 3 миллиард доллардан айырылады. Ал түрік шаруаларының шығыны 1,2 миллиард доллар болуы мүмкін. 

Еске салсам, әскери ұшақты құлатқаннан кейін Ресей Түркияға қарсы санкцияларды қараша айының 28-де енгізген болатын. Сонымен қатар, Ресей санкциялармен шектелмей, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде Түркияның Ирак пен Сириядағы әскери қимылдары туралы мәселені көтермек. Себебі таяуда Түркия Ирактағы ДАИШ-тың шоғырланған аумағына өз әскерін жіберген болатын. Бұл істі Ирак «елге басып кірді» деп бағаласа, ал Ресей Түркия тікелей лаңкестерге көмек көрсетіп жатыр деп айыптады. 

Берік ХАСЕНОВ