Русский Сайттың толық нұсқасы

ВИЧ инфекциясын жұқтырған балалардың ата-аналары қан құрамы жобалап қана тексеріледі дегенді айтты

  • AstanaTV
  • 09 желтоқсан 2015
  • 948

Шымкентте ВИЧ індетті балаларға сапалы медициналық қызмет көрсетілмейді. Осылай деп шағымданған ата-аналар диагностика мен емдеу ісіне көңілдері толмайтындарын айтты. Олар шетелден сатып алынатын дәрілердің жаңаланбайтынына және қандағы вирус мөлшері тек жобалап қана көрсетілетініне наразы.

Қанат Әлсейітов:

Нормативті негіз бойынша бізге елуден төмен тестпен диагностика жасалу керек екен. Ол протоколдарда, нормативте бәрінде бар. Қазір істеп жатқан 500, ол не 100-ге, не 200, 400 ешнәрсеге кірмейді, біз көріп жатқан жоқпыз, қан ішінде не болып жатқанын. 

Тағы бір мәселе дертті балаларға жергілікті қазынадан төленіп жүрген жәрдемақыға қатысты болды. Індетті жаппай ауруханадан жұқтырғанын дәлелдей алмағандар бұл көмектен қағыламыз ба деп уайымдайды. Бірақ бұл сұрақтың басы әзірге  ашық  қалып тұр. Өйткені өздерін толғандырған мәселеге жауап береді деп шақыртылған әкімдік қызметкерлерінің ешқайсысы бұл отырысқа келмеді.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ