Русский Сайттың толық нұсқасы

2016 жылы Қазақстанда тек отандық азық-түлік сататын дүкендер ашылады

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2015
  • 1297

Жаңа жылдан бастап елімізде тек қана қазақстандық өнімдерді сататын дүкендер ашылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында жоба жетекшісі Римма Тәжібаева мәлімдеді.

«Халық маркасы» жобасы аясында бас-аяғы жиырмадан астам супермаркет ашу жоспарда бар. Бұл сауда желілері арқылы отандық өндірушілер өнімдерін Қазақстанның барлық облыстарына саудалайды. Дүкен сөрелеріне өз бағасымен және делдалсыз жететін азық-түліктің құны да көпшілік тұтынушылар үшін қолжетімді болады.

Римма Тәжібаева, «Халық маркасы» жобасының жетекшісі:

22 өңірде ендігі жылдан бастап «Халық маркасы» атты супермаркеттер ашылады. Ол жерде тек қана өзімізде өндірілген қазақстандық өндірушілерден ғана тұратын қазақстандық брэндтер ғана құрылады. Біз ойлаймыз, ол жерде 300-ден 500-ге дейін өзімізде жасалынған азық-түлік компаниялары өнімдері «Халық маркасы» супермаркеттерінде пайда болады деп.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ