Русский Сайттың толық нұсқасы

ДАИШ содырлары Ақ үйді жарамыз деп сес көрсетті

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2015
  • 1338

ДАИШ содырлары Ақ үйді жарамыз деп сес көрсетті. Fox News телеарнасының хабарлауынша, 6 минуттық бейнеүндеуде лаңкестердің бірі Барак Обама мен Франсуа Олландқа Парижде болған терактілер тағы қайталанады деп қоқан-лоққы жасаған. Экстремистер Ақ үйді қара үйге айналдырамыз деп қорқытуда.

Айта өтейік, интернетте осыған ұқсас бейнеүндеу жарияланған. Онда лаңкестер Нью-Йоркке шабуыл жасаймыз деп ашық айтты. Франция президенті ДАИШ-тың Сирия мен Ирактағы жасақтарына әуе шабуылдарын жандандыру жөнінде пәрмен берген. Сондай-ақ, лаңкестер Бельгияда үш мектепке жарылғыш зат қойды. Бұл жөнінде РИА Новости ақпарат таратуда. Ал Рио-де-Жанейрода полицейлер стадионға 1,5 келі жарылғыш зат алып өтпек болған жанкүйерді әшкереледі.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА