Израиль өз курорттарына турист әкелген қазақстандық компаниялардың әрқайсысына 1 млн еуро өтемақы төлеуге дайын. Қазақстанның Мысырға әуе қатынасын тоқтатқаны белгілі. Осы ретте текке күйіп кеткен турпакеттердің орнына Израильдің Туризм министрлігі Қызыл теңіздегі жағажайларын ұтымды шарттармен ұсынуда. Израильдің Қазақстандағы консулының сөзінше, бірнеше қазақстандық компания бұл ұсынысқа қызығушылық танытқан. Дәл осындай жұмыстар Ресейде де белсенді жүргізілуде. Ұсыныс бірінші желтоқсаннан келесі жылдың 22 сәуіріне дейін жарамды.
Эмиль Бен-Нафтали, Израильдің Қазақстандағы консулы:
Туризм министрлігі елдің оңтүстігіндегі Эйлат демалыс орнына келген әрбір саяхатшыға 45 еуро береді. Бір туристік агенттіктің алатын өтемақы лимиті - 1 млн еуро.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ