Шымкенттегі білім ошақтарының бірінде шыққан шу қалалық білім бөліміне жетті. №33 мектептің ұжымының тең жартысы мектеп директорының жұмыстан кетуін талап етіп отыр.
Мұғалімдер, соңғы уақытта мектеп білім беру емес, айғай-шудың ордасына айналып кетті, деп отыр. Сөздеріне сүйенсек, мектепте қит етсе, жұмыстан шығарамын деп қоқан-лоққы көрсету көбейген.
Гүлбибі Ойшиева, ұстаз:
Біздің коллектив мынау директорымызбен тоғыз айдан бері келіспей жатырмыз. Келеді е шыңғырып, айғайлап әрбірін қорқытып, шетінен жұмыстан шығарып неғыла береді. Өзім үлкендігімді жасап, жәйлап та айттым, ақылымды ұрысып та айттым, ешқандай тыңдамады.
Алайда мектеп директорының өзі қандайда бір түсінік бергісі келмеді. Мұғалімдердің арызын тыңдауға білім бөлімінің басшысы да, мектеп директоры да келмеді. Мектептегі 130 оқытушының 80-і директорға қарсылығын білдіріп, арызға қол қойыпты. Білім бөлімі өкілдері директордан бөлек, олардың орынбасарларының да мәселесін қарау керек деген тоқтамға келді.
Дина Ағманова, Шымкент қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:
Бұл мәселе бойынша ақылдасқанда, басшыға бүгінгі таңдағы ненің бәрін жеткіземіз. Мен ойлаймын, қалалық білім бөлімінің басшысы ары қарай өзі өз деңгейінде шешім қабылдайды деп. Неге десеңіз? Бұдан ары қарай тікелей шешім қабылданбаса, бұл мәселе күрделенейін деп тұр.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ