Атақты футболшы Пеле бүкіл коллекциясын аукционға қойды. Көрме бүгін Лондонда басталды. Бұл оның спорт саласында 60 жылдан астам уақыт бойы жинаған марапаттары. 2 мыңнан астам жүлденің арасында Пеленің әлем чемпионатынан ұтып алған үш медалі, мыңыншы рет гол соққан добы бар. Ал ең қымбат марапаты - 1970 жылдары чемпион кубогы атанған Жюля Риме Кубогының көшірмесі. Ол шамамен 800 мың АҚШ долларына бағаланған.
ABC Online әлемнің түкпір-түкпірінен онлайн-тапсырыстар қабылдауға кірісті. Көрме үш күнге жалғаспақ. Бұл спорт тарихындағы ең үлкен аукцион болады деп күтілуде. Түскен қаржы Бразилиядағы балалар ауруханасына қайырымдылыққа беріледі.
Пеле - 20 ғасырдың үздік футболшысы әрі үздік спортшысы. Ол әлем чемпионатында ойыншы ретінде 3 рет жеңіске жеткен жалғыз адам.
Айжан ҚУАШ