Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ Қазақстанда мұнай өндірісі төмендейді деген болжам жасады

  • AstanaTV
  • 12 қараша 2015
  • 1464

Биыл және келесі жылы елімізде қара алтын өндіру жұмыстары күніне 1,71 миллион баррельге дейін қысқармақ. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 10 000 баррельге артық болатын. Осындай мәліметтерді АҚШ энергетикалық ақпарат басқармасы қараша айының қысқамерзімді болжамдарында келтірген.  

Бұл аздай, сарапшылар 2015 жылдың 4 тоқсанында Қазақстандағы мұнай өндіру жұмыстары күніне 1,69 миллион баррельге дейін бәсеңдейді деген болжам жасады. Дегенмен, тура бір жылдан соң мұнай өндіру жұмыстары шарықтау шегіне дейін жетіп, ел күніне 1,74 миллион баррель мұнай өндіретін болады, дейді мамандар.

Айта өтейік, бұл мұнай өндірісінің төмендеуіне қатысты жасалған алғашқы болжам емес. Таяуда ОПЕК баяндамасында да осыған ұқсас сандар келтірген. Айта кетсек, бүгінде Қазақстан мұнай қорларында 30 миллиард баррель қара алтын бар. Десе де, ең ірі  Қашаған кен орнының тұралап тұрғанына екі жылдай болды. Мұндағы мұнай өндіру жұмыстары 2016 жылы жанданады деген болжам бар.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА